Руслан Мадиев Головкин-Монро бокс кешіндегі алғашқы жекпе-жекте шығады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ елінің боксшысы кіші Вилли Монро арасындаға болатын бокс кешінің андеркартында сынға түседі.
Инглвуд қаласының (Калифорния штаты, АҚШ) «Форум» аренасында 22 жастағы Русланның қарсыласы әлі белгісіз. Ол жеңіл салмақта төрт раундық жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой алаңда төрт кездесуге шығып, бәрінде ұтқан. Ал, соңғы жекпе-жегін Руслан Мадиев Калифорнияда 30 сәуірде өткізіп, АҚШ спортшысы Кристиан Сантибаньесті жеңген еді.
Еске сала кетейік, кештің басты кездесуі қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық кіші Вилли Монро арасында өтеді. Бұл жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 17 мамырда таңғы сағат 07:45-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35