Головкин-Монро жекпе-жегінің төрешілері анықталды
Орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (32-0, 29 КО) мен АҚШ спортшысы кіші Вилли Монро (19-1, 6 КО) арасында өтетін жекпе-жектің төрешілері белгілі болды, деп хабарлайды WBA сайты.
Рингтегі төреші ретінде Джек Реисс таңдалған. Сонымен қатар, жекпе-жекке Аделаида Берд, Стив Вайсфельд және Пэт Расселл төрелік етеді. Айта кетейік, Джек Реисс Геннадий Головкин мен мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы кездесуде де төреші болған еді.
Еске сала кетейік, кештің басты кездесуі қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық кіші Вилли Монро арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 17 мамырда таңғы сағат 07:45-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00