Кәсіпқой боксшы Қанат Исламның жеке сайты ашылды
Бүгін Қанат Исламға арналған kanatislam.com сайты іске қосылды. Енді жанкүйерлер қазақстандық боксшы туралы жедел ақпарат ала алады.
Осы уақытқа дейін Қанат Исламның жеке ресми сайты оның өмірбаяны, жекпе-жектерінің статистикасы, сұхбаттары және түрлі мультимедиялық мазмұнмен толыққан. Сонымен қатар, оның жекпе-жектері туралы мәлімет пен келешек жоспарлары да осы сайтта жарияланбақ.
Айта кетейік, отандасымыз жеңіл салмақ бойынша WBA Fede Caribe тұжырымы бойынша Кариб аймағының чемпионы, Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ол кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек (16 нокаут) өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Қанат Ислам 1984 жылы 13 қыркүйекте дүниеге келген. Ол әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. 2010 жылы тарихи отаны Қазақстанға көшіп келген. 2012 жылға дейін «Астана Арландары» кәсіби клубының мүшесі болған. Қазір кәсіпқой боксшы «Нельсон» промоутерлік клубы атынан шаршы алаңға шығып жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45