Эдди Херн: Фроч Головкиннен қорықпайды
Ұлыбританиялық белгілі промоутер Эдди Херн өзінің жұлдызды боксшысы Карл Фроч (33-2, 24 КО) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (33-0-0, 30 КО) туралы пікір айтты.
«Біз үнемі Том Леффлермен байланыстамыз, алайда әлі нақты келіссөз жүгізген жоқпыз. Егер Карл Фроч карьерасын жалғастыратын болса, онда оның келесі қарсыласы Геннадий Головкин болады. Бұл қазіргі уақыттағы ең керемет жекпе-жек болар еді. Бірақ, барлығы оның шаршы алаңға шығу-шықпауына байланысты.
Меніңше, Дигейлдің жеңісі, Джо Кальзагидің ұсыныстары Карлдың бойындағы жалынды тұтатты. Ол Головкиннен қорықпайды. Әрине, жекпе-жек өте ауыр әрі қауіпті, осы себептен де екі боксшының шаршы алаңда кездескені жақсы болар еді. Алайда, барлығы Фрочтың шешіміне байланысты. Егер ол жекпе-жек өткізуге дайын болса, ол Головкин болады», - деді Эдди Херн.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35