WSB финалы. Василий Левит Эрисланди Савонға 1:2 есебімен есе жіберді
Астанада WSB (Бүкіләлемдік бокс сериясы) 5-ші маусымының «Astana-Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы финалдың бірінші күні аяқталды. «Дәулет» спорт кешенінің шаршы алаңына соңғы болып 91 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі боксшылар шықты.
«Astana-Arlans» командасының мүшесі Василий Левит кубалық Эрисланди Савонға 1:2 (47:48, 47:48, 49:46) есебімен есе жіберді. Осылайша «Astana-Arlans» командасы финалдық серияда 3:2 есебімен алда келеді.
Айта кетейік, алғашқы жұпта қазақстандық Теміртас Жүсіпов кубалық Йоанис Оскар Аргилагості 3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен ұтты. Екінші кездесуде Қайрат Ерәлиев кубалық 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамиреске есе жіберді. Ал, «Astana-Arlans» командасының капитаны Самат Бәшенов Ясниер Толедоны ұтса, Мейірім Нұрсұлтанов Арлен Лопесті жеңді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35