WSB финалы. «Astana-Arlans» боксшылары «Cuba Domadores» командасын 3:2 есебімен ұтуда
Астанада WSB (Бүкіләлемдік бокс сериясы) 5-ші маусымының «Astana-Arlans» пен «Cuba Domadores» арасындағы финалдың бірінші күні аяқталды.
«Дәулет» спорт кешенінде аяқталған бокс кешінде бес жұп сынға түсті. Шаршы алаңға алғашқы болып шыққан қазақстандық Теміртас Жүсіпов кубалық Йоанис Оскар Аргилагості 3:0 (50:45, 50:45, 50:45) есебімен ұтты. Ал, екінші кездесуде Қайрат Ерәлиев кубалық 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Робейси Рамиреске есе жіберді.
Осыдан кейін, «Astana-Arlans» командасының капитаны Самат Бәшенов Ясниер Толедоны ұтса, Мейірім Нұрсұлтанов Арлен Лопесті жеңді. Бірінші жарыс күні шаршы алаңға соңғы болып шыққан Василий Левит Эрисланди Савоннан 1:2 есебімен ұтылды. Осылайша бірінші күннің нәтижесі бойынша «Astana-Arlans» боксшылары 3:2 есебімен алда тұр.
Енді 21 маусымда финалдық серияның екінші күні келесі боксшылар шығады:
52 келіге дейін: Олжас Сәттібаев (Мирас Жақыпов) - Йосвани Вейтиа Сото
60 келіге дейін: Закир Сафиуллин (Ержан Мұсафиров) - Ласаро Альварес
69 келіге дейін: Асланбек Шымбергенов (Мадияр Әшкеев) - Рониель Иглесиас Сотолонго
81 келіге дейін: Нұрдәулет Жарманов (Али Ахмедов) - Хулио Сесар ла Крус
91 келіден жоғары: Иван Дычко (Филипп Хргович) - Йоханди Тойрак Ортега
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35