Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасының лицензиясын ұтып алды
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі, 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 келі) 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды.
Қытайдың Гуйян қаласында «AIBA Pro Boxing» жобасы аясында олимпиадалық лицензия ойнатылды. Шешуші жекпе-жекте Біржан Жақыпов эквадорлық боксшы Карлос Эдуардо Куипо Пилатаксимен кездесіп, 2:0 (77:75, 76:76, 78:74) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, «AIBA Pro Boxing» өткен маусымында Берік Әбдірахманов (60 келі) Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға лицензия ұтып, чемпион атанған еді.
Ал, ертең Миланда (Италия) «AIBA Pro Boxing» аясында қазақстандық Антон Пинчук (91 келі) италиялық боксшы Клементе Руссомен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35