«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді
WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 қазан күні канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.
Кездесу 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.
Канадалық боксшы Давид Лемье осыған дейін 36 кездесу өткізіп, оның 34 жеңіске жетсе, 31 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал, екі кездесуінде жеңіліп қалған. Ол соңғы кездесуін биыл 20 маусымда француз боксшысы Хассан Н Дам Н Жикамға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін биыл 17 мамыр күні америкалық кіші Вилли-Монромен өткізіп, 6-раундта нокаутпен ұтқан. Бұл кездесуді де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35