Әйелдер арасындағы Азия чемпионаты. Жартылай финалға 4 қазақстандық боксшы шықты
Қытайдың Уланчаб қаласында бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Құрлықтық бәсекеді ширек финалдық жарыстар аяқталды.
Қазақстан Ұлттық құрамасынан жартылай финалға Гаухар Ермекбай (69 келі), Дариға Шәкімова (75 келі), Мөлдір Базарбаева (81 келі) мен Ляззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шықты.
Айта кетейік, осыған дейін жарыс жолынан Алина Тұрлыбаева (48 келі) мен Жанна Басқаева (57 келі) шығып қалды. Олар үндістандық спортшылға жол берді.
Ал, Жайна Шекербекова (51 келі) мен Мадина Нұршаева (64 келі) Қытай, Гүлжайна Үббіниязова (60 келі) Солтүстік Корея, Рано Пархатова (54 келі) Таиланд елінің боксшысына есе жіберді.
Фото: ҚБФ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00