Абель Санчес: Геннадий Головкин Давид Лемьені нокаутқа төртінші раундта жібереді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес алдағы қарсыласы канадалық боксшы Давид Лемьені жекпе-жекте уақытынан бұрын жеңетінін айтады.
«Екеуі де жекпе-жек кезінде бір-бірінен қауіптенеді. Ал, екінші раундтан бастап Г.Головкин джеб әдісін пайдаланып, қарсыласы Д.Лемьені ұра бастайды. Үшінші раунд екі боксшы үшін де маңызды болмақ. Төртінші раундқа келген Геннадий Головкин Давид Лемьені нокаутқа жібереді», - дейді Абель Санчес.
Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.
Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35