Бокстан ҚБФ Кубогының жартылай финалына шыққан алғашқы команда анықталды
Талдықорғанда Қазақстан бокс федерациясы кубогының ширек финалдық кезеңнің «С» тобындағы кездесулері аяқталды.
«С» тобында Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Алматы облысының боксшылары топтасқан. Бұл топтан жартылай финалға павлодарлық боксшыларды 3:7 есебімен ұтқан Қарағанды облысының боксшылары шықты. Жекпе-жектер 21 тамызда аяқталды.
Ал, кеше Атырауда «А» тобының жекпе-жектері басталды. «А» тобында ОҚО, СҚО, Жамбыл және Атырау облысының боксшылары бар. Бұл топтан жартылай финалға шыққан команда ертең белгілі болмақ.
«В» тобы: Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы.
«D» тобы: Ақмола, ШҚО, БҚО облысы және Астана қаласы.
«В» тобының жекпе-жектер Ақтау қаласында (27-30 тамыз), «D» тобының жекпе-жектері 27-30 тамызда Астанада өтеді.
Жалпы ҚБФ Кубогынына еліміздің 14 облыс және 2 қаланың командалары қатысуда. Былтыр Жамбыл облысының боксшылары жеңімпаз атанған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35