Бокстан Азия чемпионатының финалына 6 қазақстандық спортшы шықты
Қазақстандық боксшы Василий Левит (91 келі) Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте тәжікстандық Джахон Курбановты 3:0 есебімен ұтты.
Ал, Василийге дейін Азия чемпионатының финалына қырғыз Азат Үсенәлиевті жеңген Олжас Сәттібаев (52 келі), жапониялық Дайсуке Нариматсуды ұтқан Зәкір Сафиуллин (60 келі), моңғолиялық Тувшинбата Бямбыдан басым түскен Данияр Елеусінов (69 келі), ирандық Хассан Шаниниді 3:0 есебімен жеңген Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және иорданиялық Хуссейн Яшаишадан басым болған Иван Дычко (+91 келі) шыққан еді.
Сонымен қатар, бүгін бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынына бір қола медаль түсті. Оны 56 келіде бақ сынаған Қайрат Ерәлиев жеңіп алды.
Еске сала кетейік, ертең, 5 қыркүйек күні «KAZsport» телеарнасы Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектерін Астана уақытымен сағат 14:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00