«KAZsport» телеарнасы Роман Жайлауовтың жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
19 қыркүйекте Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов бірінші орта салмақ дәрежесінде (15-0, 9 КО) жергілікті Томпсон Мокванамен (20-10-1, 12 КО) жекпе-жек өткізеді. «KAZsport» телеарнасы кездесуді Астана уақыты бойынша сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді.
Екі боксшы 3 минуттық 8 раундқа шығады. Ал, егер Роман осы жекпе-жекте жеңіске жететін болса 2015 жылдың қараша айында WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы атағы үшін сынға түсе алады.
WorldBoxingNews.net басылымына берген сұхбатында Р.Жайлауов пен оның бапкері Гарольд Вольбрехт жекпе-жекке дайындық барысы туралы айтты.
«Ол нағыз талант. Жаттығу кезінде қай тілде сөйлеймін десең, өз еркің. Себебі бокс – ұлтаралық тіл. Сондықтан спортшылар көп нәрсені сөзсіз түсінеді», - деді Романның бапкері.
Ал, Роман өзінің отандасы Геннадий Головкинді құрметтейтінін жеткізді. «Ол Қазақстанның спорт қаһарманы. Онымен бір жолыққанда мені танитынын айтты, риза болып қалдым», - деді Роман.
Сонымен қатар, Романның қарсыласы туралы сұраған кезде: «жекпе-жекті тез аяқтауға тырысамын» деді кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55