Катардағы Әлем чемпионатына Қазақстаннан 8 боксшы қатысады
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) 5-15 қазан аралығында Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысушылардың тізімін бекітті, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы.
Таиландтағы Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алған Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне сегіз боксшыны жібергелі отыр, олардың қатарында ширек финалда ойыннан шығып қалған әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да бар. Бангкокте біздің құрама бес алтын, бір «күміс» және бір қола медальді олжалады.
Әлем чемпионатына қазақстандықтарды даярлау Астанада Мырзағали Айтжановтың басшылығымен жүргізілуде. Команда Катарға 2 қазан күні аттанады.
Құраманың толық тізімі мынадай:
52 келіге дейін - Олжас Сәттібаев;
56 келіге дейін - Қайрат Ералиев;
60 келіге дейін - Зәкір Сафиуллин;
69 келіге дейін - Данияр Елеусінов;
75 келіге дейін - Жәнібек Әлімханұлы;
81 келіге дейін - Әділбек Ниязымбетов;
91 келіге дейін - Василий Левит;
91 келіден жоғары - Иван Дычко.
Катар астанасы - Дохада Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдамалар ойналады. Әзірге қазақстандық Біржан Жақыпов (49 келіге дейін), Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін) және Василий Левит (91 келіге дейін) лицензия иегерлері болып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35