Исмаил Силлах: «Головкин мен Лемьенің кездесуі нағыз кескілескен ұрыс болады»
Украинаның әйгілі боксшысы Исмаил Силлах Factoryfight.ru сайтына берген сұхбатында Головкин мен Лемьенің арасында өтетін кездесуге осындай баға беріп отыр.
«Мен Лемьенің кездесулерін жіті қадағалап жүрмін. Онымен мен биылғы жылдың мамыр айында таныстым. Мен сонымен қатар, оның сайысқа дайындықтарын да бақыладым. Ол өте қатаң әрі белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Оның бапкерінің сөзінше, олар үш раундта кездесуді аяқтаймыз деп жоспарлап отыр»,-дейді украиналық боксшы.
Оның сөзінше, Гена да Девид те қарсыластарын нокаутқа жіберуге бейім боксшылар.
«Сондықтан, бұл жолғы кездесу бокс емес, қып-қызыл төбелес болады деп ойлаймын. Өйткені, қарсыластардың екеуі ді бір-бірін есіннен тандыруға тырысады. Жеке менің өзім Головкиннен көп үміттенемін. Ол менің кездесулерін қызығып қарайтын боксшыларымның бірі. Дегенмен, менің Лемьеге деген көзқарасым да жаман емес»,-деп келтірді оның сөздерін www.sports.kz.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00