Бокстан ӘЧ. Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левит келесі кезеңге өтті
Дохада (Катар) бокстан Әлем чемпионатының 3-ші жарыс күні аяқталды.
75 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Мисаэль Родригесті 3:0 есебімен ұтты. Енді бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы Жәнібек 1/4 финалда ирландиялық Майкл О'Рейлимен кездеседі.
Бұл күні шаршы алаңға тағы бір қазақстандық спортшы Василий Левит (91 келі) шығуы тиіс еді. Алайда оның қарсыласы бразилиялық Жуан Гонсальвес Ногейра жекпе-жекке шықпады. Осылайша, Әлем чемпионатында әлі шаршы алаңға шықпаған Василий турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Әлем чемпионатының барлық жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Ал, әлемдік доданың жартылай финалдық бәсекелерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жексенбі, 11 қазан күні Астана уақытымен сағат 22:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Нидерланд матчы 10 қазан күні «Астана Арена» өтеді. Матчтың басталу уақыты - 22:00.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35