Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі
Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Бүгін жарыстың бұл кезңіне шыққан екі қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі.
Жерлестеріміз арасынан шаршы алаңға алғашқы болып құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) шығады. Ол финалда мароккалық Мохаммед Рабиимен кездеседі.
Ал, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 келі) Әлем чемпионы атағы үшін франциялық Тони Йокамен таласады.
Айта кетейік, бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 21:55-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35