Геннадий Головкин мен Давид Лемье шаршы алаңға шығатын қолғаптарын таңдады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье шаршы алаңға шығатын қолғаптарын таңдады.
26 жастағы Лемье «Madisson Square Garden» аренасына күлгін мен алтын түсті қолғапта жұдырықтасады. Бір қызығы, дәл осындай түсті қолғапты осыған дейін Геннадий Головкин кіші Вилли Монроға қарсы шыққанда киген. Сол кезде ол бұл түсті жергілік «Лос-Анджелес Лейкерс» баскетбол клубы үшін таңдағанын айтқан.
Ал, Геннадий Головкин Лемьеге қарсы жекпе-жегінде жергілікті «Нью-Йорк Рейнджерс» хоккей клубына арналған көк, ақ және қызыл түсті қолғап киетін болды. Осылайша қазақстандық боксшы өзінің командаға деген құрметін көрсетпек.
Еске сала кетейік, бокс кешін ертең, 18 қазанда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жекпе-жекті телеарнаның сайтынан онлайн тамашалауға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35