Мен Қазақстанды жақсы көремін – Головкин
Бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатына алғыс білдірді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге оның канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдаған еді.
«Мен Қазақстанды жақсы көремін. Президент Назарбаев жолдаған құттықтау хатқа ризашылығым шексіз», - деп жазды Головкин ресми твиттер парақшасына. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы ҚР Нью-Йорктегі Бас консулымен түскен суретін жариялады.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен ұтып, кәсіпқой рингтегі 34-ші жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35