Егер Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанады
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин толыққанды WBC чемпионы атануы мүмкін. Ол үшін пуэрторикалық Мигель Котто мексикалық Сауль Альваресті жеңуі тиіс, деп хабарлай Аllboxing.ru.
Мигель Котто жеңіске жететін болса, белбеу иесіз қалады. Сондықтан WBC ұйымы бұл атақты Головкинге береді. Өйткені қазақстандық боксшы бұл тұжырым бойынша «уақытша» Әлем чемпионы.
Алайда, 21 қарашада өтетін жекпе-жекте Сауль Альварес ұтатын болса, онда чемпиондық белбеуді мексикалық спортшы иеленеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) 35 жастағы Мигель Коттодан орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Себебі ұйым Котто мен Альварестен 600 мың (әрқайсысынан 300 мың) доллар талап еткен еді. Осыған қоса Golden Boy және Roc Nation промоутерлік компаниялары да 25 мың доллардан беру керек еді.
Бұған дейін Roc Nation компаниясы Геннадий Головкинге Альвареспен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бергені үшін оның командасына 800 мың доллар төлеген. Осының барлығын Котто тым көп сома деп есептеп, ақша беруден бас тартқан.
Айта кетейік, Котто-Альварес жекпе-жегі 21 қарашада Лас-Вегастағы (АҚШ) «Mandalay Bay» аренада өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45