Бокстан әйелдер арасында Атырауда өткен халықаралық турнирде Қазақстан Ұлттық құрамасы 21 медаль иеленді
Атырауда Кеңес одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованы, сонымен қатар, ҚР Халық хаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған бокстан әйелдер арасында халықаралық турнир аяқталды.
Онда қазақстандық спортшылар жеті алтын, алты күміс және сегіз қола жүлдеге ие болды.
Алтын медальға Әйгерім Асқарова (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (60 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Мөлдір Базарбаева (81 кг) қол жеткізді.
Күміс жүлдеге Әйгерім Қасенаева (48 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Ақерке Құсайынова (69 кг), Юлдуз Маматқұлова (81 кг) мен Умида Садықова (81 кг) ие болды.
Үшінші орыннан Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Мария Агапова және Келембет (57 кг), Мәдина Нұршаева (64 кг), Баян Ақбаева (69 кг), Дания Тілеуімбетова (81 кг) және Тоғжан Сыздықова (81 кг астам) көрінді.
Жарысқа алты елден барлығы 83 қыз қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35