WBC Президенті Геннадий Головкинге қатысты берген уәдесінен тайқып кетті
Бұған дейін Сулейман алдағы аптада Альварес пен Головкиннің кездесетін күні мен орнын хабарлауға уәде берген болатын.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль Альварестің келер жылдың басында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC чемпиондық белбеуін қорғауына қатысты ұстанымынан айныды.
Бұған дейін Сулейман алдағы аптада С.Альварес пен Г.Головкиннің кездесетін күні мен орнын хабарлауға уәде берген болатын. Енді ол бұл уәдесінен айнып, екі боксшы өзара жекпе-жек өткізерден алдын ерікті түрде өз белбеулерін қорғаса, дұрыс болар еді деген пікірге келіп отыр.
«Г.Головкин мен С.Альварес 2016 жылдың мамыр айында өтетін бокс кешіне өздері қалаған қарсыласты таңдап, өз белбеулерін ерікті түрде бір рет қорғаса, ал қыркүйек айында сол белбеулерін өзара сарапқа салса, дұрыс болады. Мұндай шешім екі тарапқа да тиімді болмақ», - дейді М.Сулейман.
Айта кету керек, Сауль Альварес 21 қараша күні Мигель Коттоны жеңгеннен кейін WBC ұйымы одан 2 апта ішінде Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге келісетіні немесе белбеуден ерікті түрде бас тартатыны жайлы хабарлауды талап еткен болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45