Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ
Геннадий Головкин - Сауль Альварес арасында болуы мүмкін жекпе-жек 2016 жылдың ең тартысты айқасы болады, деп жазады америкалық Badlefthook.com сайты.
«Сауль Альварес Мигель Коттоны жеңген кезде өзінің мықтылығын дәлелдей алды, бірақ, оның Геннадий Головкинмен айқасуға әзірмін деген сөзіне қарамастан, «Golden Boy» тарапынан бұл айқасты ұйымдастыруға келгенде аздап батылсыздығы байқалды. С.Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді. Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хоя өзінің басты жұлдызын қорғағысы келетіні де жасырын емес.
Альваресті толыққанды 160 фунтта жұдырықтасқанын көру керемет болар еді. Өзім аралық санат мәселесі бойынша аса алаңдамаймын, алайда идеалда орташа салмақтағы чемпиондық осы санат бойынша анықталуы тиіс, бұл адамдардың шағымын да азайтар еді. Бокста шағымданатындай жағдайлар онсыз де жетіп асады, - деп жазды Badlefthook.com сайты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35