Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылдың қаңтар айында Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Спортшының айтуынша, тараптар келісімге қол қоюға жақын.
«Келесі айда Қытайда жекпе -жек өтеді. Бұйырса,10-15 күн ішінде барлық мәселелер шешіледі. Бокс кешін ұйымдастыруды желтоқсан айында жоспарладық, бірақ, кейбір себептермен процес кешіктірілді», - дейді Қанат Ислам.
Сондай-ақ, Қанат Ислам Қазақстанда жекпе-жек өткізу ойда бар екенін айтады.
«Алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Сол чемпиондық белбеуге дейін Қазақстанда бір жекпе-жек өткізуім мүмкін. Бірақ, ол келесі жылдың екінші жартысында болады», - деді боксшы.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00