WBC ұйымы Головкин-Альварес жекпе-жегіне байланысты шешімін шығарды
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен осы салмақтағы WBC чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекке байланысты шешім шығарды.
Еске сала кетейік, Головкин WBC тұжырымы бойынша уақытша Әлем чемпионы және қазіргі таңда Альвареске тиесілі чемпиондық белбеуге міндетті үміткер.
WBC ұйымының шешімі бойынша, енді екі боксшы өздерінің белбеулерін қорғау үшін бір-бірден жекпе-жек өткізеді. Осыдан кейін екі жақ 2016 жылдың 31-ші мамырына дейін Головкин-Канело кездесуі туралы келісім жасауы қажет. Болжам бойынша бұл жекпе-жек келесі жылдың қыркүйек айында өтуі тиіс. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда промоутерлік сауда жарияланып, жекпе-жекті саудада жеңіске жеткен промоутер ұйымдастырады.
«Альварес пен Головкин өздерінің атақтарын ерікті қорғау үшін бір-бірден жекпе-жек өткізуі тиіс. Осылайша олардың кездесуіне деген қызығушылық артады. Тараптар келісімге келе алмаса, онда сауда жарияланды. Егер ерікті қорғаудан кейін боксшылардың бірі WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізбесе, онда ол өз атағынан айырылады», - деп хабарлайды WBC-дің ресми сайты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55