Назым Қызайбай: Ендігі арманым - Олимпиада шыңын бағындыру
Күні кеше аяқталған бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 51 келіде оған тең келер ешкім болған жоқ.
Назым Қызайбай - әйелдер арасындағы бокстан тұңғыш Әлем чемпионы. Күні кеше бокстан әйелдер арасында аяқталған Қазақстан чемпионатында 51 келіде оған тең келер ешкім болған жоқ. Басты қарсыласы Жайна Шекербекованы финалда жеңіп, ел чемпионы атанды.
Назым - отбасындағы алты баланың үшіншісі. Бала кезінен спортқа жақын болып өсті. Бокс пен күрес үйірмесінің есігін ауылда ашқанымен, кәсіби түрде спорт интернатында жалғастырды.
Спорттық мансабындағы маңызды кездесуін Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткізді. Осылайша, қазақ қыздары арасында бокстан тұңғыш Әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді.
Ендігі арманы - Олимпиада шыңын бағындыру.
Алғыс айту күніне орай спортшы бүгінгі биігіне жетуге ықпал еткен жандарға алғысын білдірді. «Таңшолпаннан» көріңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35