Головкин-Уэйд жекпе-жегінің нәтижесін тап та, Samsung смартфонын ұтып ал
23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.
Енді, назар аударыңыз! Осыған орай көрермендер арасында байқау жарияланады. Оның шарты бойынша, қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжам ретінде дұрыс әрі нақты табулары керек.
Жауаптарыңызды мына сілтеме (http://vote.kaztrk.kz/boxing/) арқылы өтіп, берулеріңіз қажет. Байқау жекпе-жек басталғанға дейін жалғасады. Жеңімпаз сол күні анықталады. Айта кетейік, бағалы сыйлықты кездесу нәтижесін нақты анықтаған көрермен иеленеді.
Олай болса, барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35