Головкин-Уэйд бокс кешіне 14500 билет сатылды
Геннадий Головкин-Доминик Уэйд және Роман Гонсалес-Маквильямс Арройо арасындағы жекпе-жектер өтетін «Жеңілмегендер» атты бокс кешіне 14500-ге жуық билет сатылды.
Бұл туралы Boxingscene.com-ға К2 Promotions басқарушы директоры Том Леффлер хабарлады. Ол сондай-ақ, қазіргі кезде 3000-ға жуық түбіртектің қолжетімді екенін атап өтті.
«Кездесуге дейін екі аптаға жуық уақыт қалды, сатылымда 3000-ға жуық билет бар. Билеттерге сұраныстың жоғары болуынан біз үлкен аренаны аштық. 2015 жылғы 17 мамырда Вилли Монроға қарсы өткен жекпе-жекке 3000 билет бір аптада сатылған еді. Сондықтан осы жекпе-жекке арналған 3000 билеттің соңғы екі аптада сатылып кететініне сенімдіміз», - деді Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуір күні өтетін Геннадий Головкин-Доминик Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35