Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бокстан қыздар арасындағы Әлем чемпионатының финалын тікелей эфирде көрсетеді
«Барыс Арена» кешенінде өтіп жатқан Әлем біріншілігіне 64 елден келген 285 спортшы қатысуда.
Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қыздар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының финалдық ойындары өтеді. Финалға қазақстандық 4 боксшы қызр шықты. Олар: Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).
Ал, Айжан Қожабекова (57 келі) мен Жайна Шекербекова (51 келі) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Жайна Шекербекова Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Айта кетейік, бұл Әлем чемпионатында Рио Олимпиадасына 12 жолдама сарапқа салынуда. Яғни, Олимпиада салмағына енген 51, 60 және 75 келіде жартылай финалға шыққан боксшыларға Олимпиадаға жолдама беріледі.
Айта кетейік, финалдық бәсекені бүгін сағат 14:45-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35