10 қыркүйекте Головкинді жеңіп, бүкіл әлемді таң қалдырамын - Келл Брук

Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық боксшы Келл Брук (36-0, 25 КО) арасындағы жекпе-жек деп күтілуде. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG тобында хабарланды.
«Келл Брук өте ақылды боксшы, ол жеңіліп көрмеген, ол чемпион, сондай-ақ, ол өз елінде жұдырықтасады. Бұл мен үшін үлкен сынақ», - деді Головкин алдағы жекпе-жек туралы айтқан сөзінде.
Сонымен қатар, бұған дейін Келл Брук батыс БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында алдағы кездесуде Г.Головкинді құлатып, оны барлық белбеулері мен титулдарынан айыру арқылы әлемді таң қалдыратынын айтқан еді.
«Мен бүкіл әлемді таң қалдырмақпын, бірақ кейін оған таңданып жүрмеңіздер. Г. Головкинді жеңіп, оның барлық белбеулерін тартып алудың жолын табамын», - деді К. Брук.
34 жастағы Головкин үшін бұл 2016 жылдағы екінші жекпе-жек. Көптеген бокс мамандарының болжамынша, алдағы жекпе-жекте WBC, WBA (Super), IBO, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы саналатын қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) фаворит саналады.
Айта кетсек, 24 сәуір күні өткен соңғы кездесуінде GGG белбеуге үміткер саналатын америкалық Доминик Уэйдті айқын басымдықпен жеңіп, WBA нұсқасы бойынша чемпиондық титулын 16-ші рет қорғап қалған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Г. Головкин мен IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы - британдық боксшы Келл Брук (36-0, 25 КО) арасындағы кездесу 10 қыркүйек күні Лондонда O2 аренасында өтеді. Аталған жекпе-жекті GGG-дің әлем бойынша миллиондаған жанкүйері көреді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Милад Карими Challenge кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
29.09.2025, 10:48

Ресми: Алматыға «Реал Мадридтің» негізгі құрамы келеді
28.09.2025, 19:44
Айдос Сұлтанғали Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды
27.09.2025, 11:35
Серхио Бускетс маусым соңында мансабын аяқтайды
26.09.2025, 14:24
Теннисші Әмір Омарханов турнир фаворитін жарыс жолынан шығарды
26.09.2025, 10:19
Шыңғыс Есенаманов пен Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
25.09.2025, 21:00
«Қайрат» - «Реал Мадрид» ойынын қайдан көруге болады?
25.09.2025, 16:50
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпазы анықталды
25.09.2025, 14:03