Златан Ибрагимович Головкин - Брук жекпе-жегінде отандасымызға жанкүйерлік етеді
«Манчестер Юнайтед» шабуылшылары Уэйн Руни мен Златан Ибрагимович Лондонда өтетін қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жек кешіне қонақ ретінде қатысады. Бұл туралы Бруктың промоутері Эдди Хирн хабарлады.
«Сенбі күні «Халлды» жеңгеннен кейін Уэйн Руни маған қоңырау шалды. Ол Златанның Головкиннің үлкен жанкүйері екенін айтып, жекпе-жекке келуіме болады ма деп сұрады. Мен, әрине, «иә» деп жауап бердім. Бұл күні манчестерлік дерби өтеді, дегенмен олар жекпе-жекке үлгерулері керек», - деді Хирн.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Руни мен Ибрагимович «Манчестер Юнайтед» құрамасы сапында өз алаңында «Манчестер Ситимен» ойнайды. Бұл матч Астана уақытмымен 17:30-да басталады. Матчтан кейін футболшылар Головкин-Брук кездесуіне үлгеру үшін Лондонға дейінгі 335 шақырым қашықтықты автокөлікпен жүріп өтпек.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жек өтетін бокс кеші 10 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Аталған бокс кешін «Kazsport» «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35