«Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуін қыркүйектің 10 күні сағат 00:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.

Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – 20-мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim)  және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.

Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өткіміз келеді. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокс кездесуін тікелей эфирден көрсе, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналар сайттары арқылы көрген болатын.

34-жасарлық Головкин үшін бұл 36-шы кездесу және ол  шаршы алаңға чемпион ретінде 17-ші рет шығады.  Жерлесіміз 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ол ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы 30-жасарлық Брук те еш жеңілмеген, 36 кездесуді таза жеңіспен аяқтаған (оның ішінде 25-і нокаутпен).

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Бекзад Нұрдәулетов олимпиадалық салмаққа ауысады
Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола медаль еншіледі
Күрестен Будапештте өтетін халықаралық турнирге қатысатын балуандар белгілі болды
Қарағандыда футбол академиясының жобасы таныстырылды
Астана қаласында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді
Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы додада бақ сынайды
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстандық балуандар 12 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Германияда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысады
Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
Коул Палмер Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
«Челси» Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы
Эльхан Астанов «Ордабасы» футбол клубына оралды
Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты