Шаршы алаңда нағыз төбелес көрсетуге дайынмын - Головкин

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF титулының иегері британдық Келл Брукке нағыз төбелес көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. «Мен 12 раундқа да, шаршы алаңда нағыз төбелес көрсетуге де дайынмын. Маған алапат айқастар ұнайды», - деді қазақстандық боксшы IFL TV-ге берген сұхбатында. Айта кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы жекпе-жек 10 қыркүйек күні Лондон қаласында өтеді. Бұл кездесуді «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады. Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Брук жекпе-жегіне орай, kaztrk.kz сайты байқау жариялаған болатын. Байқау шарттарымен толығырақ мына жерде таныса аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Бекзад Нұрдәулетов олимпиадалық салмаққа ауысады
Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола медаль еншіледі
Күрестен Будапештте өтетін халықаралық турнирге қатысатын балуандар белгілі болды
Қарағандыда футбол академиясының жобасы таныстырылды
Астана қаласында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді
Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы додада бақ сынайды
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстандық балуандар 12 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Германияда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысады
Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
Коул Палмер Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
«Челси» Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы
Эльхан Астанов «Ордабасы» футбол клубына оралды
Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты