4 миллиондық аудитория «Kazsport» телеарнасын жаңа HD форматта көре алады
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Kazsport» телеарнасын HD форматына көшіруді сәтті аяқтады, деп жазды министр Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында.
«...Осылайша, отандық телевизияның хабар таратуын жоғары сапаға көшіруге алғашқы қадам жасалып отыр.
Атап айту керек, жаңа форматты әзірше «ОТАУ ТВ» операторының 4 миллиондық аудиториясы пайдаланады. Енді, еліміздің басты спорт телеарнасының көрінісі 5 есеге артады. Ал, «Kazsport» «ОТАУ ТВ»-ның тегін пакетіне қосылады.
Біз барлық тест жұмыстарын мақсатты түрде 10 қыркүйек қарсаңында аяқтап отырмыз. Себебі, бүгін еліміз даңқты жерлесіміз Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жегін асыға күтуде.
Осы айтулы спорт кешін Сіздер енді мүлде жаңа сапада көресіздер. Ел мерейін асырған жерлесімізге жеңіс тілеймін!», делінген жазбада.
Еске сала кетейік, жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35