«Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары Геннадий Головкин мен Келл Брук жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді
Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы кездесуді бүгін сағат 00:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.
Лондонда орналасқан Еуропаның ең үлкен алаңдарының бірі – жиырма мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жұдырық түйістірмек.
Танымал отандық кәсіпқой боксшымыз Геннадий Головкиннің айқастарын «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсету игі дәстүрге айналған. Мәселен, биылғы сәуірде қазақстандық көрермендер Геннадий Головкиннің Доменик Уэйдке қарсы бокстық кездесуін тікелей эфирден қараса, өткен жылғы Давид Лемьемен қолғап түйістіруін 3,5 миллионнан астам қазақстандық тамашалап, 1 миллионнан астам жанкүйер телеарналар сайттары арқылы көрген болатын.
Г. Головкиннің бұл - 36-ыншы кездесуі және шаршы алаңға 17-ші рет чемпион есебінде шығуы. Жерлесіміз 35 рет өткізген жекпе-жегінің барлығында ұтысқа ие болған (оның ішінде 32-і нокаутпен). Ал, оның қарсыласы К.Брук те еш жеңілмеген, оның 36 жекпе-жегі таза жеңіспен аяқталған (оның ішінде 25-і нокаутпен).
Жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55