Мен кез келген дивизионда жеңіске жете алатынымды дәлелдегім келеді – Келл Брук
Британдық боксшы Келл Брук Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек алдында жаңа салмақ дәрежесінде жеңіске жетуге дайын екенін мәлімдеді.
30 жастағы боксшы орта салмақта алғаш рет бақ сынағалы отыр. Ол салмақ санаты бойынша екі дәрежеге көтерілген еді.
«Мен ең мықты қарсыласпен өзіме үйреншікті емес салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға келісу арқылы бокста жаңа аумаққа келдім. Бұл менің кез келген дивизионда жеңіске жеңе алатынымды дәлелдеуге ықпал етеді», - деді Брук.
Айта кетейік, дәл қазір Лондон қаласында өтіп жатқан бокс кешінің басты кездесуі саналып отырған Геннадий Головкин мен Келл Брук арасындағы жекпе-жекті бүгін сағат 03:30-да «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттары арқылы жекпе-жектің онлайн-көрсетілімі жүргізіледі.
Жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00