Головкин-Брук кездесуі - қазақстандықтарды түн ұйқысынан тұрғызған тамаша жеңіс
Жеңіс құтты болсын! Геннадий Головкин қазақ жанкүйерлері асыға күткен жекпе-жекті 5-ші раундта 5 деген бағамен жапты. Осылайша даңқты жерлесіміз ел мерейін тағы бір рет асырды. Келл Брук бұл кездесуді өз Отанында өткізсе де жеңіліс тапты. Бұл оның спорт мансабындағы алғашқы жеңіліс болды. 5-ші раундтың соңында әбден соққыға жығылғаннан кейін, британдық боксшының командасы жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты. Айта кетерлігі, қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығардың алдында осы жекпе-жекте нокаут болатынын айтқан еді. Сөйтіп, GGG өз жанкүйерлеріне берген уәдесін орындап, сөзінде тұрды.
Аталған кездесуді алдын ала хабарлағанымыздай «Қазақстан» Ұлтық арнасы мен «Каzsport» тікелей эфирде көрсетті. «Каzsport» бұл кездесуді алғаш рет HD форматында көрсетті. Осы жолғы кездесу әлемнің 100-ден астам елінде көрсетілді.
Сонымен қатар, жекпе-жек «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында үлкен экраннан да көрсетілді. Онда жиналған қалың көпшілік алдында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова шығып сөйлеп, қалың көпшілікті жерлесімізге жанкүйер болуға шақырды. Сондай-ақ, көрермендер арасында Головкин-Брук кездесуіне келген жанкүйерлер арасындағы ең үлкен және ең жас азаматқа арнайы сыйлықтар берілді.
Айта кетейік, бұл 34 жастағы талантты боксшы Головкиннің 36-шы жеңісі. Ол кәсіби бокста 36 рет шаршы алаңға шығып, оның 33-ін нокаутпен аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні өткен жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 11 қыркүйек күні 9:50-де және 12 қыркүйек күні 00:35-те тамашалай аласыздар. Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан қайталаулар 11 қыркүйек күні 10:00 мен 15:00-де болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін Әлем чемпионы атанды
31.12.2025, 01:00
Александр Марочкин «Тобыл» ойыншысы атанды
30.12.2025, 14:31
Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
29.12.2025, 18:01
Данил Васильев пен Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының финалына шықты
29.12.2025, 15:00
Усман Дембеле 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды
29.12.2025, 11:30
Осман Дембеле IFFHS нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды
27.12.2025, 17:30
Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңіске жетті
27.12.2025, 01:06
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
26.12.2025, 21:55