Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (5-0, 3 KO) өзінің келесі кездесуін 24 қыркүйек күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізеді (Астана уақытымен 25 қыркүйек). Отандасымыздың қарсыласы америкалық Мартез Джексон. Бұл туралы боксшының "вконтакте" желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.
Америкалық кәсіпқой боксшы Мартез Джексон АҚШ-тың оңтүстігіндегі Джорджия штатының Валдоста қаласында 1983 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2015 жылдың 30 мамырында өткізіп, тең түскен. Ол бүгінге дейін 5 жекпе-жек өткізіп үшеуінде жеңіске жетсе, екеуінде тең түскен. Соңғы кездесуін 2016 жылдың 29 шілдесінде өткізіп, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтқан.
Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін 18 тамыз күні америкалық боксшы Ленвод Дойзерге қарсы өткізіп, 4 раундта нокаутпен ұтқан болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35