Басты Жаңалықтар Головкин-Джейкобс жекпе-жегі «Қазмедиа Холл» киноконцерт залында тікелей эфирден көрсетіледі

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі «Қазмедиа Холл» киноконцерт залында тікелей эфирден көрсетіледі

Головкин-Джейкобс жекпе-жегі «Қазмедиа Холл» киноконцерт залында тікелей эфирден көрсетіледі

19 наурызда Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек «Қазмедиа Холл» киноконцерт залында тікелей эфирден көрсетіледі.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  (36-0, 33 КО) мен WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы кездесуді Астана тұрғындары мен қала қонақтары үлкен экраннан HD форматында тамашалай алады.

 «Қазмедиа Холлда» өтетін көрсетілім уақыты: Астана уақытымен 08:00-де.

Көрсетілім демеушісі – «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Шара елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге аспақ.

Атап өтейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегін «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы: 08:00-де.

Жанкүйерлерді Астана қаласы, Қонаев, 4 мекенжайы бойынша күтеміз.

Кіру тегін.

Бөлісу