Басты Жаңалықтар «Kazsport» телеарнасы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді. 30 сәуір күні Лас-Вегас қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақ санатындағы уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Аталған кездесуде WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Өз кезегінде, қазақстандық кәсіпқой боксшы үшін бұл 20-шы кездесу болмақ.

Ал, Юниер Дортикос өзінің кәсіби рингтегі 22-ші жекпе-жегін өткізеді. Айта кетейік, бокс кеші Лас-Вегастағы «Palms Casino Resort» ойын-сауық орталығында өтеді. Трансляция Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Бөлісу