Басты Жаңалықтар «Kazsport» арнасы қазақстандық боксшылар Ешенов пен Журавскийдің жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» арнасы қазақстандық боксшылар Ешенов пен Журавскийдің жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді

«Kazsport» арнасы қазақстандық боксшылар Ешенов пен Журавскийдің жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді

12 мамыр күні «Kazsport» арнасы қазақстандық боксшылар Ернар Ешенов (5-0, 4KO)  пен Александр Журавскийдің (13-2, 11KO) жекпе-жектерін тікелей эфирде көрсетеді.

22 жастағы Ешеновтың қарсыласы 23 жасар шотландтық  Майкл МакГурк (8-0, 2KO).

Бірінші орташа салмақтағы WBC Youth Silver белдігі үшін жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек оның жастар арасында WBC чемпионы титулының иегері атануына мүмкіндік береді. 

WBO Oriental белдігінің иегері 32 жастағы Журавский өз титулын қорғау үшін 28 жастағы британдық боксшы Стивен Даньомен (11-0-3, 6КО) сайысқа түседі. Сондай-ақ, бұл жекпе-жекте жартылай орташа салмақтағы бос орындағы WBO European иегері анықталады.

Бокс кеші Саутгемптон қаласында мамырдың 12-сі мен 13-іне қараған түнде өтеді.

Тікелей эфирде жекпе-жектерді «Kazsport» арнасы көрсетеді. Трансляцияның басталуы сағат 01:00.

Бөлісу