Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қарсыласы мексикалық Густаво Гарибайды нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі 21-ші жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе-жектің үшінші раундында Тұраров қарсыласын нокдаунға түсірген. Кейін үдете соққан соққысынан раунд аяқталар тұста рефери жұдырықтасуды тоқтатты. Боксшылар арасындағы бұл кездесу АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен болатын.
Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Жанқош Тұраров пен Густаво Гарибай арасындағы тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35