Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орынға көтерілді
Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Қанат «QAZAQ» Ислам (24-0, 19 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде екінші орынға көтерілді.
Отандасымыз өткен айдың қорытындысы бойынша бойынша үшінші орында тұрған болатын. Жаңартылған рейтингте Қанат Ислам бұл тұжырымның уақытша әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньодан кейінгі екінші орынға жайғасты.
Жартылай орта салмақта жұдырықтасып жұрген отандасымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15КО) 10-орыннан көрінді.
Еске салайық, Қанат Ислам өзінің келесі кездесуін канадалық Брэндон Кукқа қарсы өткізеді. Жекпе-жек 9 қыркүйек күні Астана қаласында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35