Басты Жаңалықтар Альварес ісі ушығып барады. Соңғы нүкте сәуір айында қойылады

Альварес ісі ушығып барады. Соңғы нүкте сәуір айында қойылады

Альварес ісі ушығып барады. Соңғы нүкте сәуір айында қойылады

HBO телеарнасының комментаторы Макс Келлерман мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы кездесудің алдында допингпен ұсталған ісінің қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты. 

Бұған дейін Невада штатының Атлеттер комиссиясы Альварестің екі допинг-сынағы оң болғанына байланысты уақытша жекпе-жектерден шеттеткен болатын. Оның қанында кленбутерол дәрумені табылған еді. Мексикалық боксшының ісіне 10-сәуір күні нүкте қойылмақ. Ал Головкинмен екінші кездесу 5-мамырға жоспарланып отыр. 

Келлерманның айтуынша, Альварестің ісін тыңдау барысындағы негізгі фактор оның қанындағы кленбутерол дәруменінің көрсеткіші болмақ. 

Бөлісу