Ресми: Головкин – Альварес арасындағы рематч болмайды

Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен 5 мамырда жұдырықтасудан ресми түрде бас тартты.

 

"Өте өкінішті. Жекпе-жекті қазір өткізуге мүмкіндіктің болмай отырғаны үшін өзімді шарасыз сезінемін. Жасыратын дәнеңем де жоқ. Ашық болғым келеді. Бұл жағдайға шын мәнінде таңмын. Халықтың менің адалдығыма күмән келтіргені ауыр соққы болып тиді. Мен әрдайым таза боксшы болдым. Осы сәттен бастап сақтық шараларын бірінші орынға қоямын, себебі бұл жағдай қайталанбауы тиіс", - деп мәлімдеді Альварес.

 

Сонымен қатар, ол өзінің жеке демеушісі, алда өтеді деген жекпе-жектің демеушісі болған HBO телеарнасынан, журналистерден және кездесуді ұйымдастыруға атсалысқанның барлығынан кешірім сұрады. "Әсіресе жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын. Боксты құрметтеймін, мен - таза боксшымын", - дейді мексикалық.

 

 

Бірақ "Канело" алдағы уақытта отандасымызбен кездесу ұйымдастыру мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол жекпе-жекті биылдан қалдырғысы келмейтіндігін айтты. Айтуынша, ол допингтен ақталып шыққаннан кейін карьерасында Головкинмен екінші рет жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. 

 

Головкин болса Twitter желісінде 5 мамырда міндетті түрде жұдырықтасатынын жазды. "Мен өз титулдарымда Лас-Вегаста қорғаймын. Ресми мәлімдеме - таяуда", - делінген хабарламада.
 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Астанада қазақ күресінен алғаш рет CISM Әлем чемпионаты өтеді
World Boxing: Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Әлем чемпионы атанды
Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді
Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады