Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы, жастар арасында әлем чемпионы атағына ие Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде қарсыласын 31 секундта жеңіп шықты.

Садриддин бірінші орта салмақта мексикалық боксшы Тони Баррераспен жұдырықтасты. Бастапқыда Вальдо Рохас есімді боксшымен кездесуі керек болған. Кейіннен қарсыласы ауысқан-ды. Қазақстандық боксшыға қарсыласын жеңу үшін 31 секундтың өзі жеткілікті болды.

Садриддин Ахмедов 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы сапында талай халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Кейіннен кәсіпқой боксқа ауысып, таяуда ғана Канаданың Eye of the Tiger Managament промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Бұл компанияда Садриддиннен өзге Батыр Жүкембаев,  Абылайхан Хұсайнов және Нұрзат Сабыров сынды боксшылар бар.

 

Квебектегі бокс кешінде Нұрзат Сабыров та шаршы алаңға шықты. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасқан отандасымыз чех боксшысы Станислав Эшнерді төртінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісі. Барлық қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп келеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды