Головкин мен Мартиросян соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Головкиннің салмағы 160 фунтты көрсетті, Мартиросян 159,6 фунт болды. Осылайша, екі боксшы да орта салмақтағы шектен асқан жоқ.
Айта кетейік, Ванес мартиросян кәсіпқой бокстағы 2 жылдық үзілістен соң алғаш рет рингке шыққалы отыр. Ал, отандасымыз болса бұның алдында допинг дауына байланысты 6 айға спорттан шеттетілген мексикалық Сауль Альвареспен рематч өткізу керек болған еді.
Головкин-Мартиросян бокс кеші 5 мамыр күні Карссондағы StubHub Center аренасында (Калифорния штаты, АҚШ) өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35