«Astana Arlans» жартылай финалдың алғашқы кездесуін жеңіспен бастады
Бүкіл әлемдік бокс сериясының алғашқы жартылай финалдық кездесуінде «Astana Arlans» бокс клубы Шеффилд қаласында британдық «British Lionhearts» клубын 3:2 есебімен жеңді.
49 келі салмақта Теміртас Жүсіпов төрешілер шешімімен Галал Яфайға есе жіберсе, ауыр салмақта Арбек Абуғаниев Чавон Кларктан айласын асыра алмады.
Ал, қалған кездесулердің бәрінде қазақстандықтар айқын басымдықпен жеңіске жетті. 56 келі салмақ дәрежесінде Ілияс Сүлейменов Ниал Фаррелді жеңсе, 64 келіде Ділмұрат Мижитов Далтон Смитті сан соқтырды. Әбілхан Аманқұл болса Бенджамин Уйттакерді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Жартылай финалдық кездесудің қарымта жекпе-жектері 26 мамыр күні Атырау қаласында жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30