Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласын анықтады
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) өзінің кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласын анықтады.
BoxRec.com порталы жариялаған мәлеметке сүйенсек «Қазақ Найзағайының» қарсыласы болып 30 жастағы венгриялық боксшы Габор Горбич (24-11, 14 КО) шықпақ. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа дейін созылатын болады. Қос боксшы 6 маусым күні Лондонда өткелі жатқан Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) — Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) айқасының андеркартында жұдырықтасатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласында Дэниэл Джейкобс — Мацей Сулецки андеркартында өткізіп, америкалық Нао Кидты нокаутпен ұтқан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35