Бейбіт шуменовтің жекпе-жегін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

7 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдыны кешенінде WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақтарда әлем чемпионы Бейбіт Шуменов кәсіпқой рингтегі 18-ші жекпе-жегін өткізеді.  Бейбіт Шуменов (17-2, 11 КО) қарсыласы Германиялық түрік Хизни Алтункаямен (30-1, 17 КО) WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді.

 

Сондай-ақ, бокс кешіне отандастарымыз Айдос Ербосынұлы, Миржан Раxымжанов, Бобиржан Моминов, Али Балоев, Арман Рысбек, Айдын Ельжанов, Уалиxан Бисенқұловтың қатысуы жоспарланған.

 

Айта кетейік, Бейбіттің бокс мансабындағы ең алғашқы маңызды жарысы 2003 жылы Үндістанда өткен.  Ал, тұңғыш Афро-Азиаттық Ойындарында күміс жүлдені еншілеген еді. 2007 жылы Бейбіт Лас-Вегас қаласында тұңғыш рет кәсіби шаршы алаңға шығып, Уолтер Эдвардсты нокаутқа жіберіп, жеңіске қол жеткізген. Жойқын жеңістерінен кейін Бейбіт Шуменов WBC Asian Boxing Council тұжырымдамасы бойынша 2008 жылдың боксшысы атанған.

 

Қазіргі уақытта Бейбіт Шуменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының рейтингінде  екінші орында,  ал  қарсыласы Хизни Алтункая үшінші орында тұр.

 

Айта кетейік, бокс кешінің құрметті қонақтары:  WBA-дің президенті  Жилберто Хесус Мендоса, вице-президенті  Хосе Оливер, ұйым директорлары - Джордже Мартинес, Мариана Борисова, Карлос Чавес  Астанаға арнайы келіп отыр.  Бокс кешін  Майк Маркхам жүргізеді . WBA атынан рингтегі рефери Тони Уикс болмақ, ал  төрешілердің құрамына - Лешек Янковяк, Равел Кардини, Стефано Карозза кірді.

 

Астанадағы «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешінің аясында 11 кездесу болады.

 

Ал, «Qazaqstan»  және «Qazsport» телеарналары сағат 13:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

 

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Бекзад Нұрдәулетов олимпиадалық салмаққа ауысады
Ботагөз Қапанова Chuncheon Korea Open турнирінде қола медаль еншіледі
Күрестен Будапештте өтетін халықаралық турнирге қатысатын балуандар белгілі болды
Қарағандыда футбол академиясының жобасы таныстырылды
Астана қаласында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді
Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы додада бақ сынайды
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстандық балуандар 12 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Германияда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысады
Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
Коул Палмер Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
«Челси» Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы
Эльхан Астанов «Ордабасы» футбол клубына оралды
Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты